Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының «Жасөркен» заставасының наряды Қырғыз Республикасынан біздің елімізге 2 бас мүйізді ірі қараны заңсыз жолмен өткізбек болғандардың жолын кесті. Малды айдап келе жатқан белгісіз екі адам шекара нарядын көрісімен көршілес мемлекеттің аумағына қарай қашып барып, жасырынады.
Аталған дерек бойынша материалдар Әкімшілік-процессуалдық кодексінің 426-бабы бойынша шара қолдану үшін Жамбыл облысының Жамбыл аудандық прокуратурасына жолданады, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.