Қазақстанға әкелінген жолбарыстардың бейімделуіне бір жылдай уақыт кетеді. Бұл туралы биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі Константин Плахов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазір жолбарыстар Алматы облысындағы 415 мың гектар жерді қамтитын «Іле-Балқаш» резерватында жүр.
Зоологтың айтуынша, «Тұран» жолбарысы популяциясын қайтаруға мүмкіндік мол. Ол үшін барлық жағдай жасалған.
Жануарды көбейтуге халықаралық жолбарыстарды қорғау қауымдастығы да баса назар аударып отыр.