• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Субсидияны заңсыз беріпті

287 рет
көрсетілді

«Қолыңнан келсе, қоны­шы­нан бас», дейтін еді баяғының қариялары. Осының керін басқа емес, округ әкімдері келті­ре­тіні, әрине, өкінішті жайт. Мә­се­лен, Махамбет ауданын­да­ғы Бейбарыс, Бақсай және Махамбет ауылдық округтері әкім­­діктерінің қызметкерлері дә­лелсіз мәліметтер көрсетілген құжаттар негізінде заңсыз субсидия беруге жағдай туғызған. Ал тиісті заңдылыққа сүйен­ген аудандық прокуратура мұ­ны сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын іс ретінде қарастырып отыр. Бұл, әрине, аудандық прокуратурамен субсидияларды бөлу және берудің заңдылығына жүргізілген тексеруде анықталыпты. Заңсыз берілген субсидияның жалпы сомасы 4 334 960 теңгені құрайды. Осылайша сыбайлас жем­қор­лыққа жағдай туғызатын құ­қық бұзушылықтар жасағаны үшін Бақсай, Бейбарыс және Махамбет ауылдық округтері әкімі аппараттарының 3 жауап­ты қызметкері тәртіптік жауап­кершілікке тартылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.