Қытайлар қанша жылдан бері Гоби шөлін абаттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бастама «Жасыл қабырға» деп аталады.
1978 жылы басталған бағдарлама шөлейттенуді баяулатып, аймақтың экожүйесін қалпына келтіруді мақсат етеді. Еске сала кетейік, шөл жыл сайын 3600 шақырымға ұлғаяды. Ғалымдардың айтуынша, құрылымы өте күрделі. Сол себепті де арнайы зертханада дайындалған, жай-күйсіз жерде өсе беретін тұқым отырғызады. Осы уақытқа дейін 66 миллиард тал да еккен.
Қырғыз туғандардың қызығы
Қырғыз ғалымдары Мюнхен палеонтология мұражайында әріптестерімен бірге Таш-құмыр қаласының маңын зерттеп, тероподтар тобы динозаврларының жаңа түрін тапты.
Ол «Манас» эпосындағы алып қара күш мифологиялық құсының атымен «Alpkarakush kyrgyzicus» деп аталды. Бұл туралы «24KZ» басылымы хабарлады. Бұл қазіргі Қырғызстанда табылған алғашқы теропод динозавры. Оның сүйектері орта юра кезеңінде – шамамен 165 миллион жыл бұрын пайда болған балбансай формациясының шөгінділерінен алынды.
Азаматтық алған робот
2017 жылы Жапониядағы «Sophia» атты гуманоидтық роботқа Сауд Арабиясының азаматтығын берген. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет робот ресми азамат ретінде танылған еді.
Оны «Hanson Robotics» компаниясы жасап шығарған, ол адам сияқты бет қимылдарын жасай алатын. Адамдармен қарым-қатынасты да жақсы орнатады. Бұл оқиға әлем назарын аударды. Ал «Sophia» өзінің сұхбаттарында адамдармен бірге жұмыс істеп, қоғамға үлес қосуға дайын екенін айтқан болатын. Бұл адамзат пен жасанды интеллектінің өзара әрекеттесуінің жаңа кезеңі ретінде қарастырылды.