• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қазан, 2024

Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті - Президент

120 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті. Елімізде қыз-келіншектердің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Әйелдердің құқығын қорғауға баса назар аударылып отыр. Осының бәрі реформаның нақты нәтижесі екені сөзсіз», деді Президент.

Мемлекет басшысы елдегі саяси реформа партиялардың аймақтағы белсенділігін арттырғанын тілге тиек етті. Олар облыс, аудан орталықтарында қарқынды жұмыс істей бастады. Осылайша азаматтардың саяси үдеріске кеңінен араласуына мүмкіндік туды.

«Жер-жерде түрлі мәселе туралы ашық талқылаулар өтіп жатыр. Басқаша айтсақ, пікір алуандығына жол ашылды. Жұрт жергілікті мәселелерді шешуге белсене атсалысатын болды. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен толық үндеседі», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент айтып өткендей, саяси реформалардың нәтижесінде мәслихаттардың құзыреті де кеңейе түсті. Депутаттар облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін баламалы негізде таңдайтын болды.

«Атқарушы билікке ықпал ете алатын басқа да құзыреттер берілді. Сондықтан мәслихаттар аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдіктермен бірдей жауапты. Депутаттар өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруы керек», деді Мемлекет басшысы форум барысында.