Полиция Қостанайда болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Қарбышев көшесінде болған. «КаМаз», жеңіл көлік және мотоцикл соқтығысқан жол апатынан бір адам оқиға орнында көз жұмған.
Қазір жедел тергеу тобы жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.