• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қазан, 2024

СҚО-да жасөспірім сыныптасына пышақ жарақатын салды

81 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарының бірінде 2009 жылы туған жасөспірім пышақ жарақатынан ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға  Тимирязев ауданында, Ақжан мектебінде болған. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлаудың айтуынша оң жақ иығынан пышақ жарақатын алған  бала аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылып,  ота жасалып, жарасы тігілген. Баланың жағдайы тұрақты. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше пышақ жарақатын салған бала қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін ата-анасының кепілдігімен босатылған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Құқық бұзушының жас ерекшелігін ескере отырып, полиция қызметкерлері тәрбиелік міндеттерін орындамағаны үшін оның ата-анасын жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізді. Жасөспірім профилактикалық есепке алынады»,  делінген ведомоство хабарламасында.