Қазақстанда мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген бетперделі жігіт енді Африка тұрғындарына көмек көрсетуге кірісіпті. Ол онда мешіт пен мектеп салып, құдық қазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ақпарат Instgram-дағы Chelovekvmaske аккаунтында жарияланды
Аты-жөнін атамайтын, жүзін көрсетпейтін бетперделі жігіттің бүгінге дейін көптеген қазақстандықтарға қол ұшын созғаны белгілі. Енді ол Африка тұрғындарына да көмектесуге шешім қабылдапты.
- Алла Тағаланың қалауымен біз Сомалиде, Байдоада, BARWAAQO IDP шатырлы лагерінде мектеп, мешіт және құдық салдық. Umitorganization ұйымына ұйымдастыру үшін рахмет, – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Ал, желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, бұл ісін жоғары бағалап жатыр.
View this post on Instagram