• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:10

Бүгін еліміздің кейбір аймағында жаңбыр жауады

26 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» мәліметі бойынша, бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Оңтүстікте және батыста күн ашық, бірақ кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семейде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 6 қазанда облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкентте кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

6-8 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. 6 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Таразда кей уақытта найзағай күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.