Төтенше жағдай 06 Қазан, 2024

Шымкентте пәтердегі өрттен төрт бала құтқарылды

72 рет
көрсетілді

Өрт сөндірушілер 4 баланы оттан құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабаттағы пәтер жанды.

- ТЖД қызметкерлері көрші пәтерлерден қолмен көтеріп, баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды, – деп қосты ведомство.

16 шаршы метр аумақтағы жалын жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт болған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар.