Ақтөбе облысында барлық азаматқа, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беру учаскелерінің қолжетімділігі қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 527 учаске ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан, олардың 451-і пандустармен жабдықталған, ал 515-де тактильді көрсеткіштер бар. Барлық учаскеде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ыңғайлы болу үшін орындар қарастырылған. 44 инватакси жұмыс істейді, бұл қозғалыс кезінде көмекке мұқтаж адамдарға қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйден де дауыс бере алады. Мысалы, Ақтөбеде 1 650 адамның үйден шықпай-ақ дауыс беруге құқығы бар.