Ол №202 мектеп-гимназиясында орналасқан № 211 учаскесіне келіп, дауыс берді.
Өз таңдауын жасаған өнер тарланы референдумның маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Бүгін әрбір дауыс маңызды. Біз осы референдум нәтижесі арқылы халықтың көңіл-күйін, сенімін, үмітін, қоғамымыздың даму жолындағы көзқарасын біле аламыз. Сондықтан баршаңызды дұрыс шешім қабылдауға шақырамын», деді Алтынбек Қоразбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін республикалық референдум өтуде. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.