• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 06 Қазан, 2024

Бір әулеттің 33 мүшесі референдумда дауыс берді

202 рет
көрсетілді

Жаркент қаласының Панфилов ауданына қарасты №326 учаскеде Жақыбаевтар әулетінің 33 мүшесі бір мезетте өз дауыстарын берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әулеттің үлкені Азия апа бүкіл отбасын референдумға қатысуға шақырып, әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өткен.

«Бүгін дұрыс таңдау жасау - ұрпағымыздың, ауданымыздың болашағына тікелей әсер етеді. Сол үшін де өз таңдауымызды әулетімізбен жасап отырмыз. Біз әрдайым жарқын болашақты қалаймыз», дейді Азат Жақыбай. 

Айта кетейік, әулеттің отанасы 85 жастағы Азия Жақыбаева 9 балаларынан 36 немере, 69 шөбере көріп, ауданның ардақты анасы атаған.