• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:32

99 жастағы кейуана референдумда таңдауын жасады

26 рет
көрсетілді

Тыл еңбеккері, Алматыдағы Наурызбай ауданының 99 жастағы тұрғыны Кәмилә Қасымова Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға жеке өзі қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәмилә Қасымова Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында орналасқан № 511 сайлау учаскесіне барды.

«Бүгін - ел үшін тарихи күн. Мен аға буын өкілі ретінде референдумға қатысып, өз дауысымды беруді шештім. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін өте маңызды қадам», деді кейуана. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі  № 388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

 

Алматы