Қоғам қайраткері, ақын, жазушы және дипломат Олжас Сүлейменов бүгін өтіп жатқан референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол Алматы қаласындағы № 371 учаскеде дауыс берді.
«Мен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім», деді Олжас ақын.
Айта кетейік, бүгін, 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысына байланысты жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Республика азаматтары жалғыз сұраққа жауап беруі тиіс: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?».