Медеу ауданында тұратын ардагердің үйіне сайлау комиссиясының мүшелері тасымалданатын сайлау жәшігін әкелді. Ол өзіне көрсетілген қамқорлыққа ризашылық білдіріп, ел азаматтарын референдумға белсене қатысуға шақырды.
«Мен ғасырлық өмірімде көп нәрсені бастан өткердім. Отаным үшін көп нәрсе жасадым. Жас ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысып отырмын. Бүгінгідей маңызды күнде ел тұрғындарын өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін көрсетуге шақырамын», деді Виктор Карпович.
Соғыс ардагері 18 жасында майданға аттанған. Ленинград әскери байланыс училищесінде оқиды. Венгрияда, Австрияда шайқастарға қатысып, Вена мен Чехословакия шекарасындағы Знайме (Зноймо) қаласын басып алуға қатысып, Жеңісті қарсы алады. Соғыс аяқталғаннан кейін оған аға сержант атағы беріледі.
Виктор Карпович - «Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы», экономика ғылымдарының кандидаты, екі рет еліміздің Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды, көптеген марапаттарға ие, оның ішінде II дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі, мерейтойлық медальдары бар.