• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2024

Қонаев қаласының 150 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш берген

90 рет
көрсетілді

Алматы облысының орталығында мүгедектігі бар 1088 адам тіркелген.

Ал референдум учаскесіне бара алмайтын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар Қонаев қаласындағы 150 адамнан үйден дауыс беруге өтінім түскен.

Соның бірі жасы 80-нен асқан Грищенко Лидия Федоровна. Ол қаладағы 2-шағынауданда тұрады. 1941 жылы дүниеге келген.

«Қартайған шағымда да қоғам өміріне белсене атсалысқым келді. Сондықтан үйден дауыс беруге өтінім бердім. Референдум – маңызды оқиғаның бірі. Дауыс беру – азаматтық парызымыз», дейді әжей.

Бұл күнде 5 баланы өсіріп, жеткізген кейуана бала-шағасының да түгел дауыс бергенін атап өтті.

 

Алматы облысы