АСТАНА. 28 қаңтар. «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының жетекшісі болып Жанат Қожахметов тағайындалды. Бұл туралы nurotan.kz.
Ж.Қожахметов 1979 жылы туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы – халықаралық-заңгер.
Әр жылдары Қаржы министрлігінде, Президент әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығында, Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау бойынша комитетінде лауазымды қызметтер атқарған. 2010-2014 жылдары аралығында мемлекеттік инспектор, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттіктің жауапты хатшысы болды.
Ол осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: nurotan.kz.