• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 08:40

Еңбек адамының мәртебесін көтеру – өзекті мәселе

51 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жол­дауында еңбек адамының мәртебесін көтеруге назар аударып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жария­лады. Осыған қоса Президент: «Жұмысшы мамандықтарын дәріп­теу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деді.

«Жұмысшы мамандықтары жылы» жай ғана ұран емес, нақ­ты істермен, мемлекеттік қолдау құралдарымен көрініс таппақ. Атап айтқанда, алдағы жылы бі­лім саласындағы бұрыннан бері кенжелеп тұрған техникалық және кәсіби білім саласы реформаланады. Осы кешенді жұмыс аясында 100 жылдық тарихы бар елдегі ең үлкен үкі­меттік емес ұйым – Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіп­одағы көптен бері көтеріп жүр­ген түйткілді мәселелер өз ше­шімін табады деп сенеміз. Бұл жол­да білім саласында оңтайлы өзгерістердің жүзеге асуына Сала­лық кәсіподақ белсенділері өз үлесін қосуға дайын.

Президенттің еңбек адамы­ның мәртебесін көтеру идеясы қызметкерлердің құқығын қор­ғаумен кәсіби айналысатын кәсіп­одақтардың маңызы мен рөлін арттырады. Кәсіподақтар әлеу­меттік әріптестік жүйесі негізінде сала қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау­да атқарушы билік органдары­мен, жұмыс берушілермен сын­дарлы ынтымақтастық орнатуға қау­қарлы ұйым екенін көрсетіп келеді.

Білім, ғылым, жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріп­тес­­тік жүйесін дамыту – кәсіп­одақ қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Тараптардың келісілген іс-қимылдары нәти­жесінде барлық деңгейдегі әлеу­меттік диалогтің салалық жүйесі құрылды әрі тиімді жұмыс іс­теп келеді. Мемлекет жүргізіп жат­­қан реформалар еңбек және әлеу­меттік-экономикалық қаты­настарда көрініс табатындықтан, жоғарыда аталған салалардағы инновацияларға байланысты әлеуметтік әріптестік аясындағы ын­тымақтастық ерекше өзекті.

Салалық кәсіподақ пен елдің білім, ғылым, жоғары білім сала­ларында әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімдер жасалған. Cалалық деңгейде қыз­мет­керлер үшін еңбек жағ­да­йын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі әлеуметтік әріптес­тік туралы келісімдермен жалақы, еңбек нормалары, жұмыс уақы­ты мен демалыс режімі, сондай-ақ сала қызметкерлеріне арналған еңбекке, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерге қатысты бас­қа да мәселелер айқындалды. Әлеуметтік әріптестік аясында Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі мен Салалық кәсіп­одақ арасында меморандумға қол қойылып, тараптар профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлердің академиялық құқықтары мен бостандықта­рын қорғауда ынтымақтастық­ты нығайтып, күш біріктіруге келісті. Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің күші құқықтық акт ретінде пандемия кезеңінде маңыздылығын көр­сеткенін айрықша атап өткен жөн. Салалық келісімдерге сәй­кес кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағ­дайларының нашарлауына жол бермеу жөніндегі шара­лар қарастырылып, сала қызмет­кер­лерінің өмірлік маңызды әлеу­меттік мәселелері, әлеуметтік жеңіл­діктер мен кепілдіктерді сақ­тау және т. б. мәселелері шешіліп жатыр.

Қазіргі таңда Салалық кәсіп­одақ ұйымдарымен жасалған ұжымдық шарттар саны 7 119-ды құрайды. Кәсіподақтың ұжым­дық-шарттық жұмыстары әлеумет­тік әріптестік тараптары арқы­лы ұжымдардың тұрақты жұмы­сын қолдау, білім беру жүйесін одан әрі дамыту, қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-эконо­ми­калық құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қабылдағанын көрсетті. Ұжымдық шарттардың мазмұны қызметкерлер үшін еңбек жағ­дай­ларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді бел­гілеу жөніндегі Әлеуметтік әріп­тестік туралы салалық келі­сімдердің ережелерін кеңейтеді. Сала ұйымдарының ұжымдық шарттарының мазмұнына жа­сал­ған талдау олардың көпші­лі­­гін­де еңбек ұжымдарының тұ­рақ­ты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен қатар өмір сүру деңгейін, жұмыспен қам­ту, еңбекті қорғау, жала­қыны уақ­тылы төлеу, қыз­меткерлер мен олардың бала­ларын сауықты­ру­ды арттыру жө­ніндегі шаралар­мен қамтыл­ғанын көрсетті.

Біз әлеуметтік әріптестік акті­лері арқылы әлеуметтік кепіл­дік­терді ұлғайту мәселелерінде айтарлықтай ілгеріледік. Егер, 2020 жылдың басында келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша әлеуметтік пакеттің жалпы сомасы 1 005 430 909 теңгені құраса, 2023 жылдың қорытындысы бо­йынша – 7 097 070 871 теңге, яғни өсім шамамен 6 миллиард тең­геге жетті.

Кәсіподақтың қызметкерлер­ді қолдаудағы пәрменді құрал­дарының бірі – оларды құқық­тық тұрғыда қорғау. Өткен жылғы деректерді сараласақ, салалық ұйымға кәсіподақ мүшелері­нен 47 565 өтініш-шағым түс­кен. Өтініштердің ең басым бөлігі, яғни 17 440-і еңбекақы төленуіне, 3 764-і еңбек және ұжымдық шарт талаптарының орындалмауына байланысты. Кәсіподақ заңгер­лері Келісу комиссияларында қара­ған жеке еңбек дауларының саны 547 жағдайды құраса, сотта кәсіп­одақ қызметкерлерге 42 жағдай бо­йынша құқықтық көмек көрсетілді. 2023 жылы құ­қық­тық қызметтің көмегімен 32 заң­сыз жұмыстан босатылған қыз­меткер – кәсіподақ мүшелері өз жұмысына қайта орналасты­рыл­ды. Құқықтық қорғаудың ең тиімді және маңызды түрі – қо­ғам­дық бақылау. 2023 жылы Сала­­лық кәсіподақ пен оның мү­ше­­лік ұйымдары еңбек заң­на­масының орындалуын қоғамдық бақылау бойынша 2 101 тексеру жүргізді. Бақылау барысын­да 3 727 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Оның 1 354-сі еңбекақыға, 857-і еңбек қаты­настарын ресімдеуге, 354-і жұмыс уақыты мен демалыс уақытына қатысты. Еңбек заңнамасын бұзу­шылық құрылымындағы жал­­пы санының ішіндегі ең көп бөлі­­­гін еңбекақы төлеуді бұзу – 36,3% және еңбек қатынастарын ре­сім­деу – 23% құрайды. Кәсіподақ­тың құқықтық жұмысының тиім­ділігін сипаттайтын негіз­гі са­палық көрсеткіштердің бірі – кәсіподақ мүшелеріне заңсыз ұсталған немесе төленбеген қара­жатты өндіруге көмектесу. 2023 жылы бұл көрсеткіш 694 928 734 теңгеге жетіп, құқықтық қыз­мет жұмысының экономикалық тиімділігі – 1 023 075 811 теңгені құрады.

Қазіргі таңда кәсіподақ құ­қық­тық қызметті нығайту бойын­ша жұмысты жаңа деңгейге көтеріп отыр. Кәсіподақ үшін қыз­меткерлердің еңбек қауіпсіз­дігі еңбекті қорғау мәселелері әр­дайым өзекті. 2019–2023 жылдары салада 108 қызметкер жазатайым оқиғалардан зардап шек­ті, олардың 10-ы қайтыс болды. Іс жүзінде өндірістік нысандары жоқ біздің сала үшін осындай жағдайлар болмауға тиіс. Бұл сан­­дар жекелеген ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің әлі бар екенін, бұған жеткілікті назар аударылмайтынын көрсе­теді. Салалық кәсіподақ пен оның мүшелік ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер жұмыс істейді. Кейінгі бес жылда олар 19 171 тексеру жүргізіп, 8 011 заңбұзушылықты анықтады.

Біз бүгінгі таңда еңбекті қор­ғау жүйесі туралы салалық Ере­жені қайта қарап, мемлекеттік билік органдарының алдына еңбекті қорғауды өзекті мәселе ретінде қойып, еңбек қауіпсіздігі бағытындағы жұмысты жандандырып жатырмыз. Әлеуметтік саладағы әріптестермен бір­ле­сіп, еңбекті қорғау бағытында қо­ғамдық бақылауды ұйым­дас­тыру, жүргізу бойынша жұмыс атқа­рып келеміз. Ортақ міндет – сала­да еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұ­мыс орнында жазатайым оқиғалар­ды болдырмау.

Салалық кәсіподақ қызмет­­­кер­лердің әлеуметтік-экономика­­­лық мүдделері мен еңбек құқықта­­­рын қорғау ісінде әлеуметтік диа­лог­ті одан әрі дамытуға мүд­делі. Әлеу­меттік диалог пен ұжым­дық келіссөздерді кеңейту, әлеумет­­тік әріптестік пен ұжымдық-шарт­­тық қатынастарды нығайтуда кәсіп­одақ рөлін арттыру, қозғалы­сын жаңарту бойынша жүйелі жұ­мыс­тар жүр­гізіліп жатыр.

 

Айгүл МҰҚАШЕВА,

Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы