• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Атырау прокурорлары бюджетке 7,5 млрд. теңгені қайтарды

282 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 28 қаңтар. Атырау облысының прокуратура қызметкерлері былтыр жергілікті бюджетке 7,5 млрд. теңгені қайтарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың мәлім етуінше, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында 7,5 миллиард теңге залал өндіріліп, бюджетке құйылған. Мәселен, игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғастырылып, алып-сату жолдарына шектеу қою арқылы жалпы құны 2 миллиард теңге болатын 2 500 гектарлық 86 жер телімі мемлекет меншігіне берілді. Мемлекеттік сатып алу заңдылығын қадағалау бойынша енгізілген актілер негізінде 2 конкурстың күші жойылып, сомасы 2,2 миллиард теңге залалдың алды алынды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесінде 29 лауызымды тұлға тәртіптік, 9 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: altaynews.kz.
Соңғы жаңалықтар