Мен Қазақстанға дауыс беру үдерісін байқаушы ретінде алғаш рет келіп отырмын. Әрине, мұндай жауапты міндетке кіріспес бұрын алдымен Қазақстанның демократиялық реформалары туралы жан-жақты зерттеу жүргізіп, өзіме қажетті мәліметтермен қанықтым.
Себебі бізде, АҚШ-та дауыс берудің ашық әрі анық болуы маңызды. Сондықтан да байқаушы ретінде өз міндетімді лайықты атқаруға тырыстым. Халықаралық байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жағдай жасалғаны бірден аңғарылды.
АҚШ үшін маңызды мәселелердің бірі – мүгедектігі бар адамдарға дауыс беру құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда да бұған жіті мән берілетінінен хабардар болдым.
Жалпы, халықаралық байқаушы ретінде тәжірибем мол. Осыған дейін бірнеше елде саяси науқандарға қатыстым. Өзім барып шыққан дауыс беру учаскелерінде адам қарасы көп екенін аңғардым. Мұндай референдум өткізу, елдің болашағына қатысты маңызды сұрақтар бойынша шешімді халықпен бірге қабылдау – құптарлық.
Дональд ПАЛМЕРА,
АҚШ-тағы Сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссияның вице-төрағасы