• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 10:47

Теннисші Әмір Омарханов Бейжіңдегі турнирдің жеңімпазы атанды

42 рет
көрсетілді

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы бірінші ракеткасы Әмір Омарханов Қытай астанасы Бейжіңде аяқталған ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 15-орында тұрған Әмір финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингпен (19 ITF Juniors) шеберлік байқасты.

Бірінші сетте ұлыбританиялық теннисші тай-брейкте басым түскенімен, содан кейін Қазақстанның жас жұлдызы ойын тізгінін қолына ала білді – 6:0, 6:4.

Айта кетейік, бұл Әмірдің жекелей сында ITF Juniors додаларындағы алтыншы титулы.

Бұдан бұрын Қарағанды теннис мектебінің түлегі Таиландта (J300), Кореяда (J300), Мысырда (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) үздік шыққан еді.