Қайғылы оқиға Петропавлдағы Жұмысшы кентінде қазанның 6-сына қараған түні болған. Оқиға орнына 20 адам және 6 техника жұмылдырылған.
«Өрт ескі «жазғы үйде» басталған. Кейін тілсіз жау тағы бір баспанаға және көрші үйдің қорасына ауысқан. Өрт сөндіру барысында 3 жасар қыз баланың, 1979 жылы туған ер адамның және 1985 жылы туған әйел адамның мәйіттері табылды», деп хабарлады облыстық ТЖД.
Өрттің себебі және залал көлемі анықталып жатыр.