Илон Масктың өнертабыстарын жиі жазамыз. Цифрлық әлемге көзді ашып-жұмғанша жаңалық «сыйлап» жатады. Себебі ол «Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні өзіміз белгілеген шекарадан шығуға тура келеді. Яки тарлық еткен көкжиек шеңберімізді кеңейтеміз, я өзгеріссіз өлуге мәжбүр боламыз» деген ойды құндылыққа айналдырған. Сүйікті ісінің табынушысына айналған Илон бұл жолы не істеді екен?
Жасанды интеллектінің әкесі Илон Теннессиден (АҚШ) үлкен деректер орталығын ашты. «SpaceX» негізін қалап, орталықтың атауын «AI Colossus» деп қойды. Түсіндіріп өтер болсақ, бұл атауды Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде деректерді декодтауда қолданылған алғашқы электронды есептеу құрылғысына байланысты қойған.
Ал орасан орталық әлемдегі ең қуатты цифрлық қамалға айналмақ. Мұнда 100 000-нан аса чип бар. Сенесіз бе, бұл ғаламшардағы кез келген жасанды интеллект жүйесінен көп. Жақында миллиардер «Colossus» пайдалануға берілді деп өзі хабарлады. Оның жұмысында 100 000-нан аса «NVIDIA H100» графикалық процессорлары қолданылады.
– Біздің команда «Colossus» оқу кластерін онлайн режімде іске қосты. Жұмыс 122 күнде бітті. Қазір алып алаң әлемдегі ең қуатты оқыту жүйесіне айналып отыр. Бірнеше айдан кейін чиптерінің саны 200 000-ға дейін артады, – деп жазды Маск.
Масктің «xAI» деп аталатын компаниясы жасанды интеллект төңкерісін жасап келеді. Енді тағы не істер екен?