• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қазан, 2024

Цифрлық технологиялар жаңа сын-тегеуріндерге ие - Мәулен Әшімбаев

57 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат Төрағасы өз сөзінде жасанды интеллекттің адамзатқа тигізер қаупі туралы айтты.

«Адамзаттың алдында тұрған және көптеген пікірталас тудыратын тағы бір өзекті мәселе – нейрондық желілер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бүгінде цифрлық технологиялар ілгерілеу үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, бірақ сонымен бірге олар жаңа сын-тегеуріндерге ие», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев жаңа мүмкіндіктер деструктивті бағытта пайдаланылған жағдайда туындайтын тәуекелдер туралы сөз қозғады.

«Сарапшылардың пікірінше, ақпараттық саладағы басты қауіптердің бірі - жалған ақпарат пен фейктердің таралуы. Осы мақсаттарға жасанды интеллект ресурстары да тартылуы мүмкін. Бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы түрлі қақтығыстарға алып келуі мүмкін», деді Сенат төрағасы.