• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 08 Қазан, 2024

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ

155 рет
көрсетілді

2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды:

референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 12 284 487;

дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 7 820 204 немесе 63,66 процент;

референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 5 56 937 немесе дауыс беруге қатысқандардың 71,12 проценті;

референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматардың саны - 2 045 271;

​жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны - 130 267.

Референдумға қойылған мәселе бойынша дауыс берудің нәтижесінде оның оң шешімін жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді, шешім қабылданды деп саналсын.

«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» мәселесі бойынша референдум өткізілді деп саналсын, өйткені референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысты.

  

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы