• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қазан, 2024

Мүмкіндігі шектеулі жандарға 777 мыңнан астам әлеуметтік қызмет көрсетілген

66 рет
көрсетілді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 675,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 8,5 мың азамат ымдау тілі қызметін, 26,2 мыңы жеке көмекшінің, 67,3 мыңы санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алған.

Министрліктің мәліметінше, портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген құралдарды жеткізу арқылы немесе өз бетінше алып кетуге болады.