Қазақстан халықаралық рейстер географиясын айтарлықтай кеңейтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемнің 32 елімен тікелей әуе қатынасы, 132 халықаралық әуе бағыты бар. Қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары аптасына 778 халықаралық рейс орындайды.
ҚР Көлік министрлігі шет мемлекеттердің авиациялық билік органдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша үнемі келіссөздер жүргізуде. Бұл қолжетімді бағыттардың санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
Биылғы жылы Алматыдан Мумбай, Бейжің, Куала-Лумпур, Иркутск, Эль-Алаймен, сондай-ақ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх қалаларына жаңа әуе бағыттары ашылды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең ірі лоукостердің бірі - Малайзиялық «Air Asia X» әуе компаниясы Астанадан Душанбе, Прага, Сеул, Ақтау - Минеральные воды қалаларына тұрақты рейстерді қалпына келтірді, ал қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы-Үрімші бағыты бойынша рейстер санын көбейтті.