• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қазан, 2024

Қазақстандағы жалақысы ең жоғары мамандықтар белгілі болды

104 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын салаларды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ведомство мәліметінше, қыркүйек айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 136,6 мың бос жұмыс орны орналастырылған, бұл көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 4% - ға (4,9 мың) артық. Бұл ретте  жұмыс іздеушілердің белсенділігі төмендеу үрдісін сақтап қалған, яғни  122,5 мың түйіндеме жарияланған, бұл тамызға қарағанда 5% - ға (6,4 мың) аз екенін белгілі болды.

Айта кетейік, кадрларға сұраныстың айтарлықтай өсуі күзгі-қысқы жылыту маусымы мен өнеркәсіп, құрылыс және көлік жұмысшылары алдындағы жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты.

Сонымен қатар білім беру саласы ең сұранысқа ие сала болып қала береді, себебі орналастырылған бос жұмыс орындарының үштен бірінен астамын да осы сала (53,2 мың) құраған.

Білім беру саласында тәрбиешілер (2,7 мың бос жұмыс орны), математика мұғалімдері (2,1 мың) және бастауыш сынып мұғалімдері (2,1 мың бос жұмыс орны) үлкен сұранысқа ие болған. Ал, денсаулық сақтау саласында санитарлар (1,3 мың бос жұмыс орны), медбикелер (1,3 мың) және жалпы практика дәрігерлері (604 бос жұмыс орны) аса сұранысқа ие.

«Қыркүйек айында жұмыс берушілер келесі мамандарға ең жоғары жалақыны ұсынды: бас құрылысшыларға – айына 716 мың теңгеден, авиация саласындағы инженерлерге – 565 мың теңгеден және тау-кен өнеркәсібіндегі қызмет бастықтарына – 502 мың теңгеден», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жұмыс іздеушілер, өз кезегінде, келесі позициялар үшін ең жоғары жалақыны сұрады: өндіруші өнеркәсіптің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – 1,2 млн теңге, ақпарат және байланыс саласындағы басшылардың орынбасарлары – 858 мың теңге, сондай-ақ коммерциялық сектордағы маркетинг қызметінің басшылары – айына 847 мың теңге.