Физика бағыты бойынша биылғы Нобель сыйлығы «жасанды нейрондық желілерді қолдана отырып машиналық оқытуды қамтамасыз ететін іргелі жаңалықтар мен өнертабыстар» үшін Джон Хопфилд (АҚШ) және Джеффри Хинтонға (Канада) табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың 1980 жылдары-ақ жасаған өнертабыстары 2010 жылдары қарқын алған жасанды интеллект (AI) технологияларының дамуына негіз болды.
Екі ғалым да егде жаста. Принстон Университетінің профессоры Джон Хопфилд 91 жаста болса, Торонто университетінің профессоры Джеффри Хинтон биыл 76 жасқа толған.
Нобель комитеті мүшелері бұл туралы былай пікір білдірді:
«Компьютерлер ойлана алмаса да, бүгінде олар есте сақтау және оқу сияқты үдерістерге еліктей алады. Бұл лауреаттардың зерттеулерінің арқасында мүмкін болып отыр».