• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 09 Қазан, 2024

Ақуызды зерттеген ғалымдар Нобель сыйлығын алды

98 рет
көрсетілді

Биыл химия бойынша Нобель сыйлығы ақуыздың компьютерлік дизайны мен олардың үш өлшемдік құрылымын жасаған ғалымдар Дэвид Бейкер, Демис Хассабис және Джон Джамперге берілді. Бұл жөнінде 9 қазанда Нобель комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

.Вашингтон университетінің профессоры Дэвид Бейкер «ақуыздың компьютерлік дизайнын жасағаны үшін» сыйлықты иеленді. Оның ғылыми еңбегі ақуыздың мүлде басқа түрлерін түзуге жол ашады.

«Google-ға қарасты Google DeepMind компаниясының қызметкерлері Демис Хассабис және Джон Джампер ақуыздың барлық түрінің құрылымын болжау үшін жасанды интеллектіні қолданған. Мұндай жаңалықтың потенциалы зор», деп жазылған Нобель комитетінің сайты таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Нобель сыйлығының лауреаттарына алтын медаль, диплом мен 11 млн швед кроны көлемінде ақшалай сыйлық (биыл оның көлемі шамамен 1,1 млн доллар) беріледі.