• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Заң 09 Қазан, 2024

«Елорда Құрылыс Компаниясының» басшысы сотталды

98 рет
көрсетілді

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС Бас директоры Р.А.Кадесов пен О.Б.Давлетовке қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Р.Кадесов О.Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен  «Елорда Құрылыс Компаниясы» басшысы Р.Кадесовке - 10 жыл, О.Б.Давлетовке – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар Р.Кадесовтың құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы тәркіленіп, мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.