Ақтөбе қаласының іргесіндегі Сазды өзенінің қамысы өртеніп, от бау-бақшалар орналасқан аумаққа тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы нәтижесінде 50 баубақша учаскесі және 1 автокөлік өрттен құтқарылған.
«Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті. Тұрғындарға эвакуация жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. 2 шаруашылық құрылысы өртенді», делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
ТЖМ мәліметінше өртті сөндіруге облыстық ТЖД, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылымдарынан 47 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылған.