• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қазан, 2024

Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

62 рет
көрсетілді

Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар жоқ, - деп атап өтті компаниядан.

Белгілі болғандай, апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Оқиға себептерін тексеру үшін комиссия жіберілді.