• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Өнер 10 Қазан, 2024

Жас өнерпаздың жеңісі

78 рет
көрсетілді

Атырау облысында өнерлі өрендер аз емес. Соның бірі – Дилназ Ежірова. Өткен аптада ол Грекияда өткен ән фестивалінің бас жүлдесін иеленді.

Облыстық білім басқар­масы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жас өнерпаз «Greece Hope» ха­­лық­аралық фести­валін­де бақ сынаған. Бұл фес­тивальға әлемнің 19 елі­нен жас өнерпаздар қаты­сыпты.

«Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мек­теп-гимназия-интерна­ты­­ның оқушысы Дилназ Ежі­рова халықаралық бай­қауда ағылшын тілін­дегі «Love Story» әнін орындады. Қазылар алқасы өнерпаздың ерекше даусы мен сахнада өзін ұстау мәдениетіне тәнті болып, бас жүлдеге лайық деп тапты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жас өнерпазды ұста­зы Алма Нұрашева шебер­лігін шыңдауға бау­лып жүр. Ұстазының ай­туынша, 13 жастағы әнші Дил­­наз Ежірова бұған дейін бірнеше рет рес­пуб­ликалық және халық­аралық байқауларда өнер көрсетіпті. Ол – вокал жанрында үздік нәтиже көрсетіп жүрген талантты шәкіртінің бірі.

«Дилназдың бұл жеңісі – шығармашылығындағы жаңа жетістігі. Мұны елі­міздің өнер саласы­на қо­сылған зор үлес деуге болады. Әлемдік өнер сайысында еліміздің атын асқақ­татқан жас әнші бола­шақта да жаңа жетіс­тікке жетуге талпынады. Өйткені ол – жас болса да таланты шыңдалып келе жатқан өнерпаз», дейді Алма Нұрашева.

 

Атырау облысы