АЭС салудың дұрыс-бұрысын маман болмаған соң, біз айта алмаймыз. Бірақ ел болашағы талқыға түсіп жатқан науқаннан кез келген адам сырт қалмауға тиіс. Өйткені кешегі референдумда еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары айқындалады. Билік маңызды қадамды халықпен бірге ойласып шешуді мақсат тұтты.
Тараз қаласының тұрғындары референдумға белсенді қатысты. Қарапайым қазақ баласы ретінде науқаннан мен де қалыс қала алмадым. Өйткені ел ертеңі үшін жасалып жатқан кез келген қадамға азамат ретінде үн қатуымыз керек. Таңдау жасау – борышымыз.
Қалай болған күнде де Президент ең өзекті мәселені халықпен кеңесіп, жұрттың көзқарасын біліп барып шешуге бел буғаны қуантады. Тәуелсіз еліміздің болашағы талқыға түсіп жатқан кезде елін сыйлайтын кез келген азамат сыртта отырып тон пішпесе керек. Әрбір адам өзінің конституциялық құқын пайдаланып, дауыс бергені сөзсіз. Өйткені барлық отандасымыздың таңдауы мемлекет үшін маңызды.
Жүрегі елім деп соққан азаматтың барлығы референдум учаскесіне барды деп ойлаймын. Мен де мекенжайым бойынша қаладағы №41 мектепте орналасқан №82 референдум учаскесіне арнайы барып, өз таңдауымды жасадым. Тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын, баянды болсын.
Елдос СМЕТОВ,
Париж Олимпиадасының чемпионы