• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Қазан, 2024

Парламентаралық байланысты күшейту пысықталды

64 рет
көрсетілді

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шик Аста­наға ресми сапармен келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кезде­су­де тараптар екі ел ара­сындағы парламен­тара­лық байланысты нығайту мәселесін талқылады.

Мәжілісте Ұлттық Ассам­б­лея делегациясын қар­сы алған Ерлан Қошанов дип­ло­матиялық қарым-қатынас орна­ған жылдар ішінде елдері­міз көптеген бағытта стра­тегиялық әріптестікті нығай­туда мол табысқа жеткеніне назар аударып, бұл екі елдің көшбасшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Юн Сок Ёльдің күш-жігерінің нәтижесі екенін атап өтті.

– Біз өз тарапымыздан мем­лекеттеріміздің бас­шы­лары қол жеткізген келі­сім­дер­дің заңнамалық дең­гей­де бекітілуін қамтамасыз етуге бар күшімізді салып жатырмыз. Елдерімізде болып жатқан маңызды транс­фор­мациялық үдерістерді ес­керіп, заңнама саласында тәжірибе алмасуға ба­сым­дық беріп отыр. Біз екі­жақты парламентаралық ын­тымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Сіз­дерде де дәл осындай ниет бар екенін көріп отырмыз, – деді Мәжіліс төрағасы.

Өз сөзінде У Вон Шик Қазақ­станда болып жатқан барлық саладағы ірі өзгерістерге мән берді. Ұлттық Ассамблея спи­кері екі ел депутаттары арасын­да қалыптасқан тікелей диа­лог­ті атап өтіп, бұл барлық деңгейдегі жан-жақты әріптестік қарым-қатынасты арттыруға жақсы негіз болатынын айтты.

Мәжіліс төрағасы корейлік әріптесін елімізде жүргізіліп жат­қан ауқымды саяси ре­фор­малардың барысы мен сегізін­ші шақырылымдағы Пар­ламент жұмысы туралы мә­лімет етті. Ерлан Қоша­нов бүгінде Мәжілістегі алты пар­тиялық фракция мен бір мандатты округтерден сайланған депу­таттар Қазақстан қоға­мы­ның барлық мүдде-пікі­рін қамтып отырғанын жет­кізді. Ал билік тармақтары «Күшті Президент – ықпалды Пар­ламент – есеп беретін Үкімет» саяси моделі аясында халық­тың сұранысын ескере отырып,  өзара тиімді іс-әрекет жасайды.

Тараптар Парламент Мәжі­лісі мен Ұлттық Ассамб­лея жанындағы достық топтары аясында да, Орталық Азия елдері және Корея Республикасы парламенттері спикерлерінің «Бес плюс бір» форумы форматында да парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Парламент өкілдерінің диалогі Ашхабадта өтетін кезекті форумда жалғасады.