18 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді. Tanda Enbek платформасында түрлі бизнес бағыттар бойынша бос жұмыс орындары орналастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «IteachMe» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Ізденушілер жәрмеңкеге Enbek.kz платформасында тіркелгеннен/аккаунтқа кіргеннен кейін қатыса алады, мұны жәрмеңке өткізілетін күні тікелей жасауға болады.
Кәсіби қызметкерді жалдағысы келетін жұмыс берушілер әлеуметтік жауапкершілікті арттыра отырып, алдын-ала тіркеуден өтуі керек.
Бұл жұмыс берушіге компания туралы ақпарат, еңбек жағдайлары мен жеңілдіктері, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және мүгедектігі бар азаматтарға жарамды бос жұмыс орындары туралы ақпарат бар кәсіпорынның виртуалды стендін орналастыру арқылы ұйым туралы егжей-тегжейлі айтып беруге, оның ең күшті жақтарын көрсетуге көмектеседі.
Жәрмеңкеге қатысу жұмыс берушіге өзінің жеке кабинетінде жауап берген кандидаттардан түйіндемені сақтауға, мәтіндік форматта онлайн-әңгімелесу өткізуге және Tanda.Enbek.kz порталындағы жеке кабинетте бетпе-бет немесе бейне сұхбатқа лайықты кандидаттарды шақыруға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушіні тіркеу туралы толық нұсқаулық https://tanda.enbek.kz/ru/employer/faq сілтемесі бойынша қолжетімді.