• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 13:50

Астанада автобустардың бағыты өзгертілді

37 рет
көрсетілді

Жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзгертілген қозғалыс тәртібін CTS компаниясы facebook-тегі ресми парақшасында жария етті. 

Ақпаратта: «Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 15, 15А, 19, 29, 29А, 30, 40, 47, 51, 56, 55В, 121 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген.