• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 17:01

Ұлттар лигасы: Бүгін футболдан Қазақстан Аустриямен кездеседі

34 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустрияға қарсы жасыл алаңға шығады. Ел құрамасы  UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz.

Аустрия-Қазақстан матчы Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23.45-те басталады деп жоспарланған. 

Бұл ойынға шотландиялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші - Дональд Робертсон. 

Бұған дейін ел құрамасы өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, сырт алаңда Словенияға 0:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Қазақстан футболшылары Аустрияға 5 қазан күні табан тіреп, ойынға дайындығын бастаған.