Өткен түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аустрияға қарсы ойын өткізді. Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионындағы матчта ел құрамасы қарсыластарына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері кездесудің алғашқы минуттарынан Игорь Шацкий – Ян Вороговский, Нуралы Әліп, Әлібек Қасым, Сұлтанбек Астанов – Асхат Тағыберген, Айбол Әбікен, Бауыржан Исламхан, Бақтиер Зайнутдинов – Ислам Чесноков, Айбар Жақсылықов сынды шәкірттерін жасыл алаңға жолдаған.
Десе де Аустрия футболшылары бірінші таймның 10-минутында есеп ашып үлгерді.
Голдар сериясы екінші таймда үдей түсті. Ойынның 53-минутында Лиенхарт баспен дәл соққы жасап есепті 2:0 етіп еселеді. Бірнеше минуттан кейін Забитцер үшінші голды соқты.
Айта кетейік, Қазақстан UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында келесі ойынын Алматыда Словенияға қарсы өткізеді.