Әлеуметтік желіде Талғар тасжолының бойындағы Тұздыбастау ауылында атыс болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты түсініктеме берген. Осылайша, Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.