• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қазан, 2024

Тағы бір елмен тікелей әуе рейсі ашылады

95 рет
көрсетілді

Қазақстан-Австрия тікелей рейстерін Scat әуе компаниясы іске қосады, деп жазады Egemen.kz. 

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстан делегациясының Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды.

Азаматтық авиация комитетінің мәлім етуінше кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды.

Мәлімдемеде: «Scat әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр», делінген.

Тараптар жиын барысында туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелерін де қозғады.