«Қазгидромет» РМК 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері артикалық антициклон әсерінен Қазақстанда ауа райы суытады.
Еліміздің басым бөлігінде, орталық және шығыс Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады.
Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нөсер жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
12-14 қазан аралығында еліміздің батысында ғана күн райы ашық болады. Десе де ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді.