• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:10

«IT TERGEU» жобасы: 5 азаматты алдаған интернет – алаяқ ұсталды

31 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп  жүргізген жедел шара барысында  жиһаз сататын дүкеннің жалған жарнамасы арқылы бірнеше рет алаяқтық қылмыс жасаған 30 жастағы басқа облыстың тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz

Күдікті желіде ашқан парақшасына көрген жанды қызықтыратын жиһаз фотосуреттерін орналастырып, олардың арзанға сатылатыны туралы жарнама жасаған. Осы арқылы Қызылорда қаласының 4 тұрғынын және Шымкент қаласының 1 тұрғынын алдап, олардан 1 млн теңге алған. Қазір ол үйқамаққа алынды. Тергеу барысында жәбірленушілерге келген материалдық залал толығымен өтеліп, қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.       «Киберпол» қызметі азаматтарға әлеуметтік желідегі түрлі хабарламаларға сене бермеуге және бөгде адамдардың айтуымен жеке банктік мәліметтерді жария етпеуге шақырады.