• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:25

Ерлан Қарин Орталық мемлекеттік архивтің қызметімен танысты

40 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Қарин Үкіметтің «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында көптеген жұмыс атқарылғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей архив құжаттарын цифрландыру үшін ауқымды шаралар қолға алынған.

Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай архив құжаттарын сақтау және есепке алу тәртібі туралы баяндаған. Сонымен қатар ғасырдан астам уақыт тарихы бар мекеме аса құнды құжаттар мен материалдар қорын жинақтағанын мәлімдеген.

Мемлекеттік кеңесші еліміздің архив ісін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.