• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қазан, 2024

Алматыда ерлі-зайыптылар оқушыны қылқындырып, телефонын тартып алған

683 рет
көрсетілді

Алматыда ерлі-зайыптылар өз бетімен мектепке кетіп бара жатқан дімкәс оқушыға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Оны блогер Таир Жиғанбаев өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Оның айтуынша, Рамазан есімді оқушы мектепке велосипедпен бара жатқан. Бірақ алдынан бейтаныс ер адам шығып, екі итімен оның жолын кес-кестеген. Ары қарай өткізбеуге тырысқан.

«Ол менен қайда бара жатқанымды сұрап, бейәдеп сөз айтты. Велосипедпен келе жатқан жылдамдығым 20 км/сағ болатын. Сөздерге шыдамай, жауап қайтардым, содан кейін төбелес басталды. Ол мені тұншықтыра бастады. Мен тахикардиямен ауырамын, одан өліп қала жаздадым. Денем қызарып кетті, жаралар көп. Айналамда шамамен 10 адам болды. Барлығы дерлік ер адамдар, бірақ ешкім көмектеспеді. Оны жазасыз қалдырмауды сұраймын. Жанымда әйел де болды, ол маған бейнежазбаны өшір деді. Әлі де тыныс алуым қиын, жүрегім ауырып тұр», дейді жәбірленуші.

Төбелеске қатысты құқық қорғау органдары әлі ресми түсінік берген жоқ. 

      View this post on Instagram

A post shared by ? Otegen Batyr Kentti, Ile audany (@otegen_batyr_city)