Астанада ауа райы күрт суып, қар жауып жатыр. Бұл әуежайдағы рейстерге де әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір 8 рейс кейінге шегерілген. Оның үшеуі ұшып кететін, бесеуі ұшып келетін рейс.
Онлайн таблодағы мәліметке зер салсақ, Qazaq Air IQ 438 ұшағы Петропавлдан кешігіп жатыр, ол Астанаға 15:20-да қонуы керек еді, енді 15:45-те жетеді. Ақтөбеден ұшатын ұшақ бір сағаттан кейін келеді (17:55-те емес, 18:55-те). Бұл рейсті Qazaq Air компаниясы орындайды.
Алматыдан DV 5351 рейсі (SCAT) үш сағатқа кешігеді.
Ұшып кететін үш рейс те: Новосібірге (IQ 511, Qazaq Air әуе компаниясы), Қытайдың Санья қаласына (DV 475, Scat әуе компаниясы), сондай-ақ Алматыға (IQ 359, Qazaq Air әуе компаниясы) кейінге қалдырылды.
Баспасөз қызметі Астана халықаралық әуежайы төменгі температура кезінде үзіліссіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын хабарлады.