• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 14 Қазан, 2024

Желтоқсанда бокстан ерлер құрамасы жасақталады

122 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов желтоқсан айында өтетін ел біріншілігінен кейін құрама жасақтау мәселесі қарастырылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Желтоқсан айында Астанада Қазақстан бірріншілігі өтеді. Ел ішілік чемпионаттан кейін бокстан ерлер құрамасы толығуы мүмкін. 

«Әдетте біздің құрама Қазақстан чемпионатынан кейін жасақталады. Желтоқсанда Астанада ішкі турнир өтеді. Команда жасақтауды сол кезде қарастырамыз. Ел біріншілігіне барлық боксшы қатыса алады. Жастар командасының өкілдеріне де қатысуға рұқсат бердік. Жастар сапынан 7-8 адам негізгі құрамға кіре алады деп ойлаймын. Сонымен бірге ел чемпионатынан Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін босатамыз. Азия біріншілігі 30 қарашада Иорданияда өтеді. Қалған боксшылардың барлығы Қазақстан чемпионатына қатысады», деді Қайрат Сәтжанов.

Сондай-ақ бас бапкер Шымкентте өткен халықаралық турнирде боксшылар неге өз салмағында жұдырықтаспағанын түсіндірді.

«Айтпақшы, біз Шымкентте кей қатысушыларға қазіргі салмақта шаршы алаңға шықпауға рұқсат бердік. Мұхамедсабырды алайық, ол Олимпиада алдында өте көп жарыс өткізді. Италия мен Таиландта жарысқа түсті. Сонымен бірге ел ішіндегі сайысқа да қатысты, онда әлемдік жарыстың қатысушысы анықталды. Артынша Олимпиада кезінде рингке шықты. Әр жекпе-жек – ағза үшін үлкен салмақ. Ағза өте көп дәрумендер мен пайдалы заттардан айрылады. Сондықтан салмақ қуудың адам ағзасына кері әсері зор. Сол себепті, біз кей боксшыларға әдеттегі салмағынан жоғары салмақта шаршы алаңға шығуына рұқсат бердік. Алдағы жарыстар алдында деңгейдің түсіп кеткенін қаламадық», деді бас бапкер.