Полиция қызметкерлері Лас-Вегастың 49 жастағы тұрғыны Вам Миллерді ұстаған. Анықталғандай, күдіктіні ұстау операциясы Дональд Трамп өткізген жиыннан бір сағат бұрын өткен. Ұсталған азамат жол талғамайтын қара көлік жүргізген, ал оның қолында шолақ мылтық пен оқталған тапанша болған, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Хабарланғандай, ер адам қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген айыппен қамауға алынып, кейін 5 000 доллар кепілдікке босатылған. Оның тыңдауы келесі жылдың 2 қаңтарына белгіленген.
Билік бұл оқиға Трамптың немесе жиынға қатысушылардың қауіпсіздігіне әсер етпегенін алға тартқан.
«Мен бұны қарулы топ деп айтпас едім. Бұл үкімет пен мемлекеттік бақылауға бағынбайтын адамдар», деді жергілікті шериф.